Вернуться к списку статей

UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды

Футбол
2K
Фото uefa.com сайтынан
Лозаннада UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылып, 55 құрама төрт деңгейлі дода аясында 16 топқа бөлінді.

«А» лигасындағы бірінші және төртінші топтарға бүкіл жанкүйерлердің назары ауып отыр. Еуропа көрермендерін өте қызықты ойындар күтіп тұрғандай. Жалпы, басқа топтарда осал емес. Өйткені бұл – деңгейлері шамалас командалар арасындағы қызықты дода.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстан құрамасы «D» лигасындағы 1-топқа түсті. Мойындауымыз керек, осы лигадағы (дивизиондағы) ең күрделі төрттік болып шықты. Грузия мен Латвия осал емес. Андорра да оңай шағыла қоймас. Қызықтың бәрі – алда!  

Лига «А»

1-топ: Германия, Франция, Нидерланды 
2-топ: Бельгия, Швейцария, Исландия 
3-топ: Португалия, Италия, Польша 
4-топ: Испания, Англия, Хорватия

Лига «B» 

1-топ: Словакия, Украина, Чехия 
2-топ: Ресей, Швеция, Түркия 
3-топ: Австрия, Босния және Герцеговина, Солтүстік Ирландия 
4-топ: Уэльс, Ирландия, Дания

Лига «C»

1-топ: Шотландия, Албания, Израиль
2-топ: Венгрия, Греция, Финляндия, Эстония
3-топ: Словения, Норвегия, Болгария, Кипр
4-топ: Румыния, Сербия, Црна Гора, Литва

Лига «D»

1-топ: Грузия, Латвия, Қазақстан, Андорра
2-топ: Беларусь, Люксембург, Молдова, Сан-Марино
3-топ: Әзірбайжан, Фарер аралдары, Мальта, Косово
4-топ: Македония, Армения, Лихтенштейн, Гибралтар

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика