Вернуться к списку статей

Жерар Гоу «Қайратты» сағынып жүр

Футбол
1K
Жерар Гоу «Қайратты» сағынып жүр
«Қайрат» биыл Қазақстан чемпионы болу керек. Біз – біргеміз», - деді өткен маусымның соңында «Қайраттан» кеткен ивуарлық сұрмерген.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Қазақстан чемпионы бола алмаған Алматының «Қайраты» маусым соңында негізгі құрамның бірнеше ойыншысымен қоштасқан. Бұлардың арасында Жерар Гоу да бар еді. Бірақ, кейін Гоу «Қайраттан» айлығын көтеруді сұрап, өтініші қанағаттандырылмағандықтан Алматыны өзі тастап кетті деген сыбыс тарады. Jeune Afrique электронды басылымы оның «Қайраттағы» жылдық жалақысы 2 миллион евроны құрағанын жазды.

Кейін Жерар Гоудың Сербияның «Партизанына» немесе Қытайдың клубына кететіні туралы ақпарат тарады. Алайда, ивуарлық шабуылшы әлі өзіне клуб тапқан жоқ. Ал бүгін инстаграммдағы өзінің жеке парақшасына былай деп жазды:  

«Жігіттер, сендерді сағынып жүрмін. Командамда бәрі жақсы болады деп ойлаймын. «Қайрат» осы маусымда чемпион болуы қажет. Біз – біргеміз!»

Бір қызығы, Гоудың инстаграммдағы парақшасында әлі «Қайрат» футбол клубының сайтына сілтеме тұр. Ал Алматының командасында үш жарым маусым өткізген ивуарлық шабуылшы осы аралықта 99 гол соққан. Қатарынан үш жыл Қазақстан чемпионатының сұрмергені болды. Үш рет Қазақстан кубогын жеңіп алып, екі рет Суперкубок иегері болғанымен Премьер-лиганы сол күйі жеңе ұта алмай кетті.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика