Вернуться к списку статей

Футболшыларға 2016 жылы төлеген жалақымыз – 63 миллион еуро

Футбол
1K
Фото: fckairat.com
Бүгін УЕФА 2016 жылғы қаржылық есептемесін жариялады. Онда Қазақстан премьер-лигасы жалақы төлеуден 17-орынға орналасқан...

Қазақстан премьер-лигасындағы клубтар 2016 жылы футболшыларға 63 миллион еуро жалақы төлеген. Орта есеппен әр клуб 5,3 миллион еуро төлепті. ҚПЛ клубтары жалпы табыстарының 60 пайызын футболшылардың жалақысына жұмсаған. Естеріңізге сала кетейік, былтыр 13-орында болғанбыз...

УЕФА-ның 2015 жылғы қаржылық есептемесімен салыстарғанда, Қазақстан премьер-лигасында футболшылардың жалақысының орта көрсеткіші (мөлшері) 3%-ға төмендеген. Еуропада бізден басқа Уэльс (14%), Ресей (3%), Македония (3%) және Грузия (1%) елдерінде де бұл көрсеткіш түсіп кеткен.  

Жалпы, Еуропада футболшыларға жалақы төлеуден былтырғыдай Англия көш бастап тұр (орта есеппен 153,9 миллион). Ал соңғы орында – Сан-Марино (0,1 миллион). Қалғандарын өздеріңіз төмендегі суреттерден (кестелерден) көре жатарсыздар:




Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика