Вернуться к списку статей

Бірінші лига – «Оқжетпес» Көкшеде «Таразды» тізе бүктірді

Футбол
1K
«Оқжетпес» – «Тараз» – 2:1. Фото: okzhetpes.kz
Бірінші лигада бесінші турдың ойындары өтіп, Көкшетуда «Оқжетпес» пен «Тараз» додаға түсті.

Есепті қонақтар ашқан. Алайда көп ұзамай алаң иелері таразы басын теңестірді. Ал 34-минутта «Тараздың» капитаны Нұртас Құрғулин екінші ретт ескерту алып, алаңнан қуылды. Бір ойыншысы артық «Оқжетпес» екінші таймның басында бір гол соғып, жеңіске жетті.

Бұл турда «Қыран» да жеңіске жетті. Оңтүстік Қазақстан облысының командасы өз алаңында «Жетісудың» жастарынан басым түсті. Ал «Алтай» Өскеменде «Байқоңырды» ойсырата жеңді. «Шахтер-Болат» «Каспий» клубынан басым түсіп, биылғы маусымдағы бірінші жеңісіне қол жеткізді. Қалған екі матчта есеп ашылған жоқ.

«Оқжетпес» – «Тараз» – 2:1
Голдар: Таубай, 11 (0:1). Жұмаханов, 28 (1:1). Касьянов, 55 (2:1).
Алаңнан қуылды: Құрғулин («Т»), 34 (екінші ескерту)

«Қыран» – «Жетісу Б» – 2:0
Голдар: Жақсыбек, 25. Махамбетов, 67.

«Алтай» – «Байқоңыр» – 3:0
Голдар: Қайқыбасов, 19. Түлеев, 45. Қайқыбасов, 63.

«Шахтер-Болат» – «Каспий» – 3:2
Голдар: Бернацкий, 25 (1:0). Тәттібаев, 26 (2:0). Тайкенов, 35 (2:1). Жұмкенов, 47-автогол (3:1). Узденов, 79-пенальтиден (3:2).

«Ақтөбе-Жас» – «Мақтаарал» – 0:0
Алаңнан қуылды: Жасанов («А-Ж»), 64 (екінші ескерту)

«Екібастұз» – «Қайрат А» – 0:0


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика