Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы алтыншы турдың Таңдаулы құрамасын әдеттегідей өзінің ресми серіктесі, атап айтқанда, InStat компаниясы ұсынған деректер (ойындар сараптамасы) негізінде құрастырған.
Бұл жолы турдың үздік құрамасына «Шахтер» мен «Қайраттан» төрт, «Астанадан» екі, ал «Ақтөбеден» бір ойыншы іліккен. Қарағандыдағы ойынның өте тартысты өткендігі соншалық, «Таңдаул құрамаға» осы матчтан бес ойыншы еніпті («Шахтер» – «Ақтөбе» – 1:1).
қақпашы – Рамиль Нурмухаметов, «Ақтөбе» (Ойын индексі – 237)
сол қапталдағы қорғаушы – Матео Мужек, «Шахтер» (236)
орталық қоғаушылар – Евгений Ткачук, «Шахтер» (267); Марин Аничич, «Астана» (263)
оң қапталдағы қорғаушы – Станислав Лунин, «Қайрат» (264)
қорғанысқа тірек болар жартылай қорғаушылар – Александр Володько, «Шахтер» (259); Исламбек Қуат, «Қайрат» (248)
сол қапталдағы жартылай қорғаушы – Милан Стоянович, «Шахтер» (232)
оң қапталдағы жартылай қорғаушы – Исаэль, «Қайрат» (251)
шабуылдаушы жартылай қорғаушы – Андрей Аршавин, «Қайрат» (273)
шабуылшы – Алексей Щеткин, «Астана» (324)