Вернуться к списку статей

Қазақстан құрамасына Бельгияның екінші дивизионында ойнайтын футболшы шақырту алмақ

Футбол
1K
Қазақстан құрамасына Бельгияның екінші дивизионында ойнайтын футболшы шақырту алмақ
Бір емес, бес футболшы. Олар кімдер екен.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сұхбат берген Жастар құрамасының аға бапкері Талғат Байсуфинов команданың алдағы оқу-жаттығу жиынына шетелде ойнайтын бес футболшыны шақыратынын айтты.

– Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны ФИФА бекіткен уақытта өтеді. Яғни, 2-10 маусым аралығы. Дайындық уақытына екі жолдастық матч жоспарланған. Бірінші ойын 4 маусым күні Әзірбайжан жастар құрамасына қарсы өтеді. Екінші кездесу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл ойында қарсыласымыз Премьер-лиганың легионерлер құрамасы немесе сол уақытта Астанада жиын өткізетін қазақстандық команда болуы мүмкін. Алдағы оқу-жаттығу жиынына шетелде ойнайтын бес футболшы шақырту алмақ. Төрт үміткер Беларусь елінің Бірінші лигасында ойнайды. Ал, бір футболшы Бельгияның Екінші дивизионы командасының намысын қорғайды. Жастар құрамасының Қазақстандағы селекциялық жұмыстарының да тоқтамайтынын айтқым келеді. Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига ойындарын жиі қараймыз. Кандидаттар бар. Олардың есімі кейін жарияланады, - деді Талғат Маруанұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасы «Еуро-2019» іріктеу додасының 9-шы тобында 6 команданың ішінде 9 ұпаймен 3-ші орында тұр. Алдымызда 21 ұпаймен Франция және 10 ұпаймен Словения. Бізден кейін 8 ұпаймен Болгария, 4 ұпаймен Люксембург және Қаратау құрамалары орналасқан.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика