Вернуться к списку статей

Екінші лига – Үшінші турда көшбасшылар сүрінді

Футбол
1K
«Тобыл Ж» – «Ертіс Ж» – 3:0. Фото: fctobol.kz
Екінші лигада үшінші турдың ойындары өтіп, көш басында келе жатқан командалардың барлығы дерлік ұпай жоғалтты.

Бұл турда «Астана Ж» өрендері ойнаған жоқ. Олар «Ақсу» командасымен 21 сәуірде кездеседі. Ал «Қайрат Ж» жеткіншектері Шымкентте «Қыранның» жас қырандарымен тең түсті. Осылай, екі турдан кейін үзеңгі қағыстырып келе жатқан Астана және Алматы жас жеткіншектерінің жұптары жазылды.  

Алғашқы екі турда жеңіске жеткен «Ордабасы Ж» өрендері де осы турда сүрініп, Қызылордада «Қайсар Ж» бозбалаларымен тең түсті. «Шахтер Ж» ұжымы Павлодарда «Ақсу» аяқдопшыларымен тең түсіп, жас кеншілер де екі ұпай жоғалтты.

Сөйтіп, бұларды осы турда жеңіске жеткен «Жетісу Ж», «Ақтөбе Ж» және «Академия Оңтүстік» ұжымдары қуып жетті. Ал «Тараз Ж», «Оқжетпес Ж» және «Ақжайық Ж» жеткіншектері үшінші рет ұтылып, көш соңында қалды...

Екінші лига. ІІІ тур.

«Қыран Ж» – «Қайрат Ж» – 2:2

«Қайсар Ж» – «Ордабасы Ж» – 0:0

«Ақсу» – «Шахтер Ж» – 1:1 (ІV турдың ойыны)

«Ақжайық Ж» – «Жетісу Ж» – 0:3

«Ақтөбе Ж» – «Алтай Ж» – 1:0

«Тараз Ж» – «Академия Оңтүстік» – 1:2

«Оқжетпес Ж» – «Қызыл-Жар Ж» – 0:2

«Тобыл Ж» – «Ертіс Ж» – 3:0

«ОСДЮСШОР-Жас Ұлан» – ЦСКА – 0:0

«Атырау Ж» – «Рузаевка» – 0:5 

«Ақсу» – «Астана Ж» – 21 сәуірде (ІІІ турдың ойыны)


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика