Вернуться к списку статей

"Астана" VS "Қайрат" – Қайсысының бағасы қымбат?..

Футбол
1K
Ертең осы ел чемпионатының 5-туры аясында осы маусымның орталық кездесулерінің бірі – «Астана» мен «Қайрат» ойыны өтеді. Матч қарсаңында қос команданың құрамына көз жүгіртіп, бағаларын салыстырып көрген едік.

Дәл қазіргі таңда турнир кестесінде «Астана» 100 пайыздық көрсеткішпен көш бастап тұрса, 10 ұпай жинаған «Қайрат» үздік үштікті қорытындылап тұр.

«Астананың» ең қымбат ойыншылары – Дмитрий Шомко мен ганалық Патрик Твумаси. Бағалары 2 млн. евро. «Қайратта» да 2 миллион евро тұратын футболшы бар. Соңғы кездері негізгі құрамнан орын таба алмай жүрген Бауыржан Исламханың бағасы осынша.

Қаптал бойынша айтар болсақ, Ненад Эрич – 300 мың евро, Стас Покатилов – 1 млн. евро. Қорғаушының қымбаты «Астанада». Дмитрий Шомконы transfermarkt.de 2 млн. евроға бағаласа, «Қайраттың» қымбаты – Гафуржан Сүйімбаевтың бағасы 1,2 млн. евро екен. Патрик Твумаси де, Бауыржан Исламхан да жартылай қорғаушылар. Бұлардың бағалары неше тұратынын жоғарыда атап өттік. «Астананың» ең қымбат шабуылшылары Джордже Деспотович пен Алексей Щеткин. Бағалары 1 млн. евро. Былтыр маусым аяқталысымен басты сұрмергені Жерар Гоуды жіберген алматылықтар оның орнына Уругвайдан Уго Сильвейраны алдыртқан. Оның да бағасы 1 млн. евро.

Ал футболшыларының жалпы құнын қосқанда «Қайраттағы» жігіттердің бағасы 15,528 миллион евроны құрайды екен. «Астанадағы» 23 ойыншының қосындысы 17,855 млн евро.


Әлбетте, бағаларында тұрған ешнәрсе жоқ. Сапасы маңыздырақ және сәттіліктің рөлі зор. Ал қай команданың жеңіске жететінін ертең білеміз. Матч Астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика