Молдова маманы футболшы кезінде «Зимбру», «Динамо» (Киев) және «Спартак» (Мәскеу)сынды клубтардың сапында ойнаған. Қазақ елі оған таңсық емес, 2005 жылы Алматының «Қайраты» сапында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, Молдова құрамасы сапында үш ойын өткізген.
Адриан Сосновский жасыл алаңдағы карьерасын 34 жасында, өз еліндегі «Милсами» клубының сапында тәмамдаған. Бапкерлік кәсіпкті осы команданың сапында бастаған. 2016 жылы Молдованың «ең үздік жаттықытушысы» атанып, 2017 жылы аталған клубпен қола жүлдеге қол жеткізген.
Жалпы, Адриан Сосновский жас бапкер, маусым айында 41-ге толады. «Атырау» футбол клубында оған 66 жастағы Сергей Дубровин көмектеседі екен. Бұл маман Молдова құрамасында, сондай-ақ Сосновскиймен бірге «Милсами» клубында еңбек етіп, тәжірибе жинақтаған көрінеді.
Сосновский Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы ойынын алдағы сенбіде өткізеді. Яғни 14 сәуір күні «Атырау» өз жерінде Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, «мұнайшылар» ел чемпионатының алғашқы төрт турында да ұтылып, қазір соңғы орында тұр. Қоржындары – бос. Доп айырмасы: 3-8.