Вернуться к списку статей

ФИФА рейтингісі – Екі ойын өткізіп, 11 саты төмен құлдырадық

Футбол
1K
Қазақстан ұлттық құрамасы – Еревандағы матч алдында. Фото: kff.kz
ФИФА бүгін ұлттық құрамалар арасындағы сәуір айының рейтингісін жариялады. Қазақстан құрамасы – 105-орында.

Наурыз айында Қазақстан ұлттық құрамасы екі ойын өткізді. 22 наурыз күні Ларнакада Кипр футболшыларымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:3 есебімен ұтылып қалды.  Ал 26 наурыз күні 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Армения құрамасымен додаға түсіп, Арарат аңғарында 0:2 есебімен есе жіберіп алды.

Әрине, деңгейлері өздерімен шамалас екі құрамадан ұтылған соң жоғары көтеріле алмайды. Керісінше, 11 саты төмен құлдырап, 105-орынға табан тірепті. Естеріңізде болар, өткен айда ғана 94-орында тұрғанбыз. «Ұлттық құраманың ойынын жетілдіреді» деген Ресей маманымен кері кетіп барамыз...

Бір қызығы, жыл басынан бері Қазақстан құрамасы бірде-бір ойын өткізбесе де, ай сайын екі сатыдан жоғары «адымдап» отырған еді. Нақтырақ айтқанда, қаңтарда 98-ші, ақпанда 96-шы, ал наурызда 94-ші орынға орналасқан. Енді, міне, екі ойын өткізіп, төмен құлдилап кеттік...

Алғашқы ондық:

1 (2). Бразилия – 1661 ұпай
2 (1). Аргентина – 1603
3 (3). Германия – 1464
4 (4). Чили – 1403
5 (7). Колумбия – 1348
6 (6). Франция – 1294
7 (5). Бельгия – 1281
8 (8). Португалия – 1259
9 (11). Швейцария – 1212
10 (10). Испания – 1204

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы құрамалар:

11 (12). Польша – 1183
47 (39). Румыния – 676
48 (49). Дания – 657
62 (64). Црна Гора – 560
67 (85). Армения – 527
105 (94). Қазақстан – 325

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

37 (31). Украина – 761
60 (63). Өзбекстан – 586
61 (60). Ресей – 561
78 (72). Беларусь – 428
87 (89). Әзірбайжан – 386
101 (107). Литва — 331
101 (119). Эстония — 331

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика