Вернуться к списку статей

Қазақстан көш соңында – Польша қара үзіп кетті

Футбол
2K
Қазақстан және Польша кездесуінен. Фото: bi.gazeta.pl
Еуропада футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында бесінші турдың ойындары түгелдей аяқталды.

Еуропадағы електік ойындардың 5-туры жұма күні түнде басталған. Қазақстан құрамасы бақ сынайтын «Е» тобындағы кездесулер біздің уақытпен жексенбіден дүйсенбіге ауған түні өтті. Үш ойының біреуінде алаң иелері, енді бірінде қонақтар жеңіске жетіп, соңғысы тең аяқталды.

Бұл турда Польша құрамасының айдарынан жел есті. Поляктар түзде Црна Гора футболшыларын ұтты. Ал қалған екі бәсекелесі тең түсіп, екі ұпайдан жоғалтты. Роберт Левандовски бесінші турда гол соқты. Жалпы, ол бес ойында сегіз гол соқты...

2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі

УЕФА, «Е» тобы, 5-тур

Армения – Қазақстан 2:0

Голдар: Мхитарян, 73. Озбилиз, 75.

Црна Гора – Польша – 1:2

Голдар: Левандовски, 40 (0:1). Мугоша, 63 (1:1). Пищек, 82 (1:2)

Румыния – Дания – 0:0

Бесінші турдан кейінгі турнир кестесі


Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика