Вернуться к списку статей

Қазақ додасынан өз елдерінің құрамаларына шақыртылғандар

Футбол
1K
Футболдан Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын бірнеше футболшы өз елдерінің ұлттық және жастар құрамасы сапына шақыртылды.

20-28 наурыз аралығы – ФИФА-ның ресми ойындар өткізетін күндері. Бір аптадан астам осы аралықта 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы әр құрлықтың ресми ойындары өтеді.

Әрі осы матчтарға дайындық ретінде барлық құрамалар оқу-жаттығу жиының өткізіп, көбісі жолдастық кездесулер өткізеді, дайындықтарын пысықтайды. Ойын өрнектерін жетілдіре түсуге тырысады.

Сонымен қатар, 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары басталады. Жастар арасындағы құрамалар да жаттығу жиынын жүргізіп, ресми ойындарын өткізеді.

Біз бұған дейін еліміздің Ұлттық құрамасы мен Жастар арасындағы құрамасы сапына шақыртылған футболшылар тізімін жариялағанбыз. Енді өз отандарының намысын қорғауға аттанған, Қазақстан премьер-лигасында ойнайтын легионерлер тізімін ұсынғанды жөн көріп отырмыз:  

«Астана» ФК

Аздрена Ллуллаку – Албания

Джуниор Кабананга – Конго ДР

Иван Маевский – Беларусь

Игорь Шитов – Беларусь

Неманья Максимович – Сербия-U21

«Атырау» ФК

Уча Лобжанидзе – Грузия

Владимир Двалишвили – Грузия

«Тобыл» ФК

Артурас Жулпа – Литва

«Ордабасы» ФК

Александр Гейнрих – Өзбекстан

«Шахтер» ФК

Юлиус Сзоке – Словакия-U21

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика