Вернуться к списку статей

“Асколи” – “Зенит”: Еркебұлан алаңға екінші таймда шықты

Футбол
1K
«Асколи» – «Зенит-Ж» – 0:0. Фото: dilettantitoscana.it
Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы «Viareggio Cup» турнирінде екінші турдың ойындары өтті. Еркебұлан Сейідахмет алаңға 56-минутта шықты.

Италияның «Асколи» клубымен өткен ойында Еркебұлан Сейідахмет алаңға негізгі құрамда шыққан жоқ. Екінші таймның басында, 56-минутта бірінші ойында өзін алмастырған Даниил Культиновтің орнына шықты. Бұл ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Айпақшы, бірінші турдағы «Эмполи» мен «Зенит-Ж» арасындағы ойынның нәтижесі (1:1) жоққа шығарылды. Бұл матчтың нәтижесі жойылып, Ресей клубына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. 

Себебі «Viareggio Cup» турнирінің регламенті бойынша бір матчта жеті ойыншыны ауыстыруға болады. Бірақ футболшыларды бекітілген үш уақыт аралығында ғана алмастыру керек екен. Петерборлықтар осы уақыт аралығы ережесін сақтамаған.

«С» тобындағы ойындар нәтижесі:

13 наурыз, дүйсенбі

«Асколи» – «Атлетик Юнион» (АҚШ) – 2:0
«Эмполи» – «Зенит-Ж» – 3:0 (тех.жеңіс)

15 наурыз, сәрсенбі

«Эмполи» – «Атлетик Юнион» – 6:0
«Асколи» – «Зенит-Ж» – 0:0

Ойын хаттамасы

ASCOLI (4-4-2): Venditti; Capozzi, Perri, De Angelis, Diop; Schiaroli, Tassi, Paolini; Ventola (81′ Petrarulo), Tamba (84′ Mancini), Ciarmela.
A disp.: Colantonio, Buono, Di Francesco, Sousa Costa, Mataloni, Buonavoglia, Gabrielli, Giannantonio, Novi, Di Sabato, Della Mora, Cichella, Bellini, Minchillo, D’Agostino.
All. Di Mascio

ZENIT SAN PIETROBURGO (4-3-3): Goilo; Plotnikov, Penchikov, Sladjan, Krugovoy, Kotov (80′ Kazakov), Musaev (63′ Pletnev), Kaplenko, Makeev, Kultinov (56′ Seidakhmet), Elovskikh (63′ Kirillov).
A disp.: Korkin, Zapriagaev, Rybikov.
All. Simutenkov

ARBITRO: Manuel Berti di Varese
NOTE: Ammoniti Ciarmela, Tassi, Makeev

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика