Вернуться к списку статей

Жастар құрамасының да сапы жарияланды

Футбол
1K
Қазақстан жастары Германияда жаттығу жиынын өткізеді, Фото: kff.kz
Бүгін Қазақстан жастар (U21) құрамасының да сапына шақыртылаған жас футболшылар тізімі жарияланды.

Еліміздің жастар құрамасы 21-26 наурыз аралығында Германияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 23 наурызда немістің «Кайзерслаутерн» клубының жастарымен жолдастық кездесу өткізу жоспарланған. Осы матчта дайындықтарын пысықтайды.

Ал 28 наурыз күні Владимир Никитенко жаттықтыратын жастар арасындағы құрамамыз 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы алғашқы кездесуін өткізеді. Нақтырақ айтқанда, Люксембург жастарымен кездеседі.

қақпашылар Сұлтан Бұсұрманов («Тобыл»), Тимур Закиров («Қызылжар»), Олег Грубов («Қайрат»);

қорғаушылар Айбол Әбікен («Қайрат»), Дәурен Мәжитов («Атырау»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»),  Карам Сұлтанов («Қызылжар»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Ян Вороговский («Қайрат»), Александр Соколенко («Қызылжар»), Валерий Леньков («Ертіс»);

жартылай қорғаушылар Дидар Жалмұқан («Астана»), Самат Шәмші («Ордабасы»), Қуаныш Қалмұратов («Атырау»), Демият Сламбеков («Окжетпес»), Иван Антипов («Ақжайық»), Максим Гладченко («Қайрат»), Геворг Наджарян («Астана»), Рашид Люхай («Қайрат»);

шабуылшыларОралхан Өміртаев («Шахтер»), Темірлан Әлмұрзаев («Тобыл»), Максим Федин («Оқжетпес»), Юрий Перцух («Ақжайық»). 

Жаттықтырушылар құрамы:
Владимир Никитенко – аға жаттықтырушы,
Юрий Коньков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Игорь Свечников – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылар жаттықтырушысы,
Сергей Елисеев – дәрігер,
Тимур Құсайынов – сарапшы.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика