«Зенит» клубының ресми сайты жас футболшыларының Италиядағы халықаралық турнирге аттанып кеткендігін жариялады. Игорь Симутенков бастаған бапкерлері Еуропаға 18 бозбаланы әкетіпті. Араларында Еркебұлан Сейідахмет те бар:
қақпашылар – Никита Гойло, Николай Рыбиков;
қорғаушылар – Даниил Пенчиков, Василий Запрягаев, Павел Коркин, Данил Круговой, Алексей Плотников, Сладан Ракич;
жартылай қорғаушылар – Дмитрий Кириллов, Дмитрий Плетнев, Константин Котов, Кирилл Капленко, Леон Мусаев, Руслан Казаков;
шабуылшылар – Кирилл Макеев, Александр Еловских, Даниил Культинов, Сейідахмет Еркебұлан.
Виареджода өтетін халықаралық ірі турнирге Италия, Голландия, Канада, АҚШ, Бразилия, Аргентина, Нигерия, Чехия, Грекия, Конго, Бельгия, Хорватия, Колумбия және Ресейден 40 команда қатысады екен.
Топтық кезеңде олардың бәрі төрт командадан 10 топқа тең бөлініпті. Плей-офф сатысына әр топтың жеңімпаздары және екінші орын алғандардың ішіндегі техникалық көрсеткіштері жоғарылау алтауы шығады екен.
Петерборлықтар «Эмполи» (Италия), «Асколи» (Италия) және «Атлетик Юнион» (АҚШ) клубтарымен бір топқа түсіпті. Топтық ойындар бүгін басталады. Кездесулер күнтізбесі төмендегідей:
13 наурыз, дүйсенбі
«Эмполи» – «Зенит-Ж»
15 наурыз, сәрсенбі
«Зенит-Ж» – «Асколи»
18 наурыз, сенбі
«Зенит-Ж» – «Атлетик Юнион»