Вернуться к списку статей

УЕФА кубогының жеребесі Алатау бөктерінде тартылды

Футбол
2K
Футзалдан УЕФА кубогы финалының жеребесі тартылды. Фото: afckairat.kz
Футзалдан 2016-2017 жылдар маусымындағы УЕФА кубогы финалының жеребесі бүгін Алматыда тартылды.

Футболдан Қазақстан суперкубогы матчының үзілісі кезінде футзалдан 2016-2017 жылдар маусымындағы УЕФА кубогының «Төртеу финалы» жеребесі тартылды.

УЕФА Ұлттық командалар додасы департаментінің басшысы Лэнс Келлиге Қайрат Боранбаев көмектесіп, жартылай финалда кездесетін жұптарды анықтады. Ары қарай түсінікті. Жеңгендері финалда ойнайды. Жеңілгендері 3-орынды сарапқа салады. Футзалдан УЕФА кубогы, 2016-2017 жж, «Алматы-Арена»

28 сәуір

18:00. «Газпром-Югра» (Югорск, Ресей) – «Спортинг» (Лиссабон, Португалия)

20:30. «Интер-Мовистар» (Мадрид, Испания), және «Қайрат» (Алматы, Қазақстан)

30 сәуір

17:00. Үшінші орын үшін

19:30. Финал

Енді, бәрін де алаңдағы ойындар көрсетеді. Біздің ойымызша, «Қайрат» үшін жеребе жеңіл түспеген сияқты...

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика