Вернуться к списку статей

Бердібек Сапарбаев: Васильевті шақырған – мен емес... қауымдастық

Футбол
1K
Ақтөбе облысының әкімі мен жергілікті футбол клубының бұрынғы директоры. Фото: fc-aktobe.kz
«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың халық алдында есеп беру кездесуінде «Ақтөбе» футбол клубының Бас директоры тағдыры да сөз болды», – деп жазады aktobenews.kz.

Аталған басылымның мәлімдеуінше, облыс әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде футбол тақырыбы да көтерілген. Нақтырақ айтқанда, Ақтөбе қаласының бір тұрғыны мәселені төтесінен қойған, тіпті жазаға тартылуын талап еткен:

– Бәріне де кінәлі – клуб директоры Д.Васильев. Ол футбол командасын құрты, мүлде істің байыбына бармайды. Неге мұндай адамды клуб директоры қызметіне тағайындағансыздар? Ол қомақты қаржыны қымқырды. Енді қандай жаза қолданылады?  

Жоғарыда аталған aktobenews.kz басылымының мәлімдемелеріне сенсек, әкім бұл жанкүйерге «Ақтөбе» футбол клубына жергілікті жастарды дайындау қолға алынып, игілікті жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндаған. Әрі жергілікті спортшылардың өз облыстарының намысын қорғау үлкен мәртебе екендігін ұмытпаулары керек екендігін де атап өткен. Содан соң:

Біз өз ойыншыларымызды жетілдіріп шығару үшін бәрін де жасаймыз. Футбол академиясын құрдық. Бірақ түсінеміз, жанкүйерлерге нәтиже дәл бүгін керек. Сондықтан тәжірибелі ойыншыларды шақыратын боламыз. Ал Дмитрий Васильевті шақырған – мен емес, қауымдастық. Сіз дұрыс айтасыз, ол – кінәлі. Бірақ тергеу жүргізіліп жатыр, басын ашады. Д.Васильев тиісті жазасын алады, – деп жауап берген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика