Вернуться к списку статей

“Астана” футбол клубының дүкені ашылыпты

Футбол
2K
Бүгін «Астана» футбол клубы жанкүйерлерінен сүйінші сұрап, алғашқы сауда дүкені ашылғандығын хабарлады.

«Астана» командасының жанкүйерлері мен қала қонақтары! Қазақстанның ең үздік командасының, яғни «Астана» футбол клубының алғашқы сауда дүкені ашылды, – деп жазыпты, елорда футбол клубының ресми сайты.

«Сіздер бұл дүкеннен футбол жанкүйеріне қажетті барлық заттарды таба аласыздар! Алғашқы 30 сатып алушыға тамаша сыйлықтарымыз бар. Асығыңыздар!», – деп өз қуаныштарымен бөлісіпті, «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі.

Дүкеннің мекен-жайы: "Жетінші Құрлық" сауда орталығы (Астана, Кенесары көшесі, 40), 3-ші қабат, «Life Football», 312-а бутигі.


 




Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика