Бұл ойында ереже бұзу, шалып шығу, итеріп қалу көп болды. «Анжи» клубының екі ойыншысы тіпті қызыл қағаз алды. Біреуі бірінші таймның ортасында (Паршивлюк), екіншісі екінші тайм басталғанда (Фибел) алаңнан қуылды.
Бірақ өзара келісім бойынша алаңнан қуған ойыншыны басқа футболшыға алмастыруға болады. Соның арқасында Махачкала клубы кем құрамда қалған жоқ. Соны білгендіктен бе, әйтеуір «Анжи» футболшылары тартынбады.
Ал «Қайраттың» ойынына қысқаша тоқталар болсақ, алматылықтарға қауіпті шабуыл ұйымдастырудың да сәті түсе қоймады. Алға шықса болды, «Анжи» ойыншылары не шалып құлатады, не аяққа оратылады. Қысқаша айтқанда, шабуылдарының бәрін әр түрді тәсілдермен бұзып отырды.
«Қайрат» – «Анжи» – 0:1
Гол: Кацаев, 42.
«Қайрат»: Покатилов, Сүйімбаев (Вороговский, 46), Маркович, Арзо (Рудосельский, 67), Ахметов (Қуантаев, 46), Бакаев (Балтабаев, 46), Қуат, Исламхан (Жуков 46), Аршавин (Райымбек, 74), Исаэл (Иличевич, 46), Тұрысбек.
Бүгінгі жолдастық кездесулер нәтижесі:
«Шахтер» – «Динамо» (Батуми, Грузия) – 0:1
«Атырау» – «Тарновия» (Польша) – 1:0
Гол: Жагоров
«Ордабасы» – «Ахал» (Түрікменстан) – 1:1
Гол: Төлебек.
«Қайсар» – «Алтын Асыр» (Түрікменстан) – 2:0
Голдар: Аржанов, Курьор.
«Жетісу» – «Луч-Энергия» (Ресей, 1-лига) – 1:2
Гол: Ибраев.
«Ақжайық» – «Чайка» (Ресей, 2-лига) – 1:0
Гол: Рубио.