Вернуться к списку статей

Қазақстандағы ең қымбат клубтар – “Астана” мен “Қайрат”

Футбол
2K
Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат легионер мен ең қымбат қазақ футболшысы. Фото: fca.kz
Соңғы жылдары Қазақстан чемпионатында бір-бірімен тайталасып, саф алтынға таласып жүрген «Астана» мен «Қайрат» еліміздегі ең қымбат клубтар болып табылады.

Бұл ретте transfermarkt.de деректеріне сүйеніп, екі клубтың жалпы нарықтық бағасы бір-бірімен шамалас деуге болады. Мұны Қазақстан чемпионатындағы футболшылардың нарықтық бағасы түілген кестеден де байқауға болады. Алғашқы 14 футболшы – «Астана» мен «Қайраттың» ойыншылары.

Ал үшінші орындағы «Ордабасы» клубы ойыншыларының жалпы нарықтық бағасы жоғарыда аталған екі клубтың жарты бағасына да жетпейді. Бірақ қазір – қысқы трансфер кезі. Клубтарымыз құрамдарын толық жасақтап үлгерген жоқ, яғни әлі де толықтыра түседі. Ендеше, бұл көрсеткіштер өзгереді.

Жалпы, дәл қазір transfermarkt.de сайтында Қазақстан премьер-лигасындағы 12 команда сапында 282 ойыншы тіркелген. Футболшылардың орташа жасы – 27,2. Сырттан келген легионерлер саны – 75. Ал премьер-лигамыздың жалпы нарықтық бағасы – 95 миллион 730 мың еуро!

Енді осы беделді басылымның деректерін ұсынуды жөн көріп отырмыз:




Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика