Екінші оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізіп жатқан Қазақстан чемпионы бүгін Украинаның «Олександрія» клубымен кездесті. Бұл команда Украина премьер-лигасында былтырдан бері өнер көрсетіп жүргенімен, қазір 4-орында екен. Алдында тек – «Динамо» (Киев), «Шахтер» және «Заря» клубтары.
Түркияда жаттығу жиынын өткізіп жүрген «Олександрія» дүйсенбі күні ғана «Марибор» (Словения) клубымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсіпті. Бүгін «Астанаға» да дес бермеді. Елордалықтар екі рет алға шыққанымен, екеуінде да таразы басын теңестіре алды.
«Астана» сапынан голдарды Аздрен Лулаку мен Патрик Твумаси соғыпты. Украина клубы сапынан есепті теңестіргендер – Габовда және Черный. Бірінші таймда Қазақстан чемпионы 2:1 есебімен басым түскен. Бірақ ойынның екінші жартысында жеңісті уысынан шығарып алды.
Бұл ойынды «Астана» мына құрамда бастады: Мокин, Бейсебеков, Шитов, Логвиненко, Аничич, Шомко, Маевский, Мұжықов, Твумаси, Жалмұқан, Лулаку.
Ауысып ойнағандар мен қосалқы құрамда отырғандар: Эрич, Дүйсен, Постников, Шайыхов, Тағыберген, Нұрғалиев, Мұртазаев, Деспотович, Жүнісов, Наджарян, Жақыпбаев, Сағынаев, Прокопенко.