Вернуться к списку статей

Игита үшінші жыл қатарынан әлемнің үздік қақпашысы болып таныла ма?

Футбол
1K
Фото afckairat.kz сайтынан
Футзалдан Алматының «Қайраты» мен Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайтын Игита биыл да «әлемнің үздік қақпашысы» үміткерлерінің тізіміне енді.

Игита әлемнің ең үздік қақпашылары арасындағы «UMBRO Futsal Awards – 2017» жүлдесінің үміткері ретінде тіркелді. Тізімге биыл ерекше көзге түсіп жүрген 10 қас шебер голкипер енгізілген. Бұл ақпаратты futsalplanet.com сайты таратты. Олар:

Миодраг Аксентьевич (Сербия, «Тюмень)
Гуитта (Бразилия, «Коринтианс»)
Катавют Ханкампа (Таиланд, «Чонбурри»)
Игита (Қазақстан, «Қайрат»)
Хесус Эрреро (Испания, «Интер»)
Мохаммади Камалабади (Иран, «Пасанд Исфахан»)
Пако Седано (Испания, «Барселона»)
Алиреза Самими (Иран, «Мес Сунгун»)
Тиаго (Бразилия, «Магнус»)
Виллиан (Бразилия, «Крона»)

Осы ретте, айта кетейік, Игита екі рет әлемнің үздік қақпашысы атанған болатын (2015 және 2016 жылдары). Бұған дейін Италия мақтанышы Стефано Маммарелу (2011, 2012, 2014 жж) үш мәрте, ал Испанияның әйгілі саңлағы Луиса Амадо (2003, 2004 жж) екі рет төрткіл дүниеде теңдессіз болып танылған-ды.


futsalplanet.com сайтынан

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика