Бүгін Дидар Жалмұқан Ақтөбе қаласындағы №3 мектепке барып, көп балалы және жағдайы төмен отбасылардың балаларына жаңа жылдық тәтті сыйлықтар үлестірген. Бұл ақпаратты отандық kazfootball.kz басылымы таратты.
Бұған дейін Қазақстан чемпионатында ойнайтын легионерлеріміздің өз елдеріне барып, жаңа жыл қарсаңында тұрмыстары ауыр жерлестеріне сыйлық үлестіргенін естуші едік. Енді, міне Дидардай көкірегі ояу, адамгершілігі мол жігіттеріміз де өз табыстары аз отандастарына қол ұшын бере бастады.
Қалай десек те, бүгін Дидардың қолынан тәтті-дәмді сыйлық алған жеткіншектердің бір қуанып қалғандары, үйлеріне көңілді қайтқандары анық. Біз Дидардың бағы жанып, жасыл алаңда көпшілік қошаметі мен сүйіспеншілігіне бөлене беруне тілектеспіз.