Вернуться к списку статей

«Ертіс» емеусін білдіргендер екшеуден өтпей жатыр...

Футбол
1K
Георги Дерменджиев те ерке Ертіс жағасына келді. Фото: fcirtysh.kz
«Ертіс» футбол клубы бас бапкерлік қызметінен үміткерлерді әлі екшеп жатыр. Павлодарға енді Болгария маманы келді.

Бірнеше жаттықтырушымен кездесіп, келіссөз жүрргізіп жатқан «Ертіс» басшылығы енді болгар маманы Георги Дерменджиевті қабылдаған. Бірақ бұл маманмен де «дәм-тұзы жараспаған» секілді. Өйткені, 62 жастағы жаттықтырушы ертең еліне қайтады екен.

Бір қызығы, Дерменджиев бұған дейін Болгарияның «Лудогорец» клубын жаттықтырған. Жазда (тамыз айында) оның орнына Димитар Димитров тағайындалған болатын. Димитровтың соңғы жылдары «Ертісті» баптағанын бәріңізде білесіздер. Сөйтіп, болгардың екі бапкері орындарын ауыстыруға шақ қалды...

Павлодарға енді қай елдің бапкерінің ат арытып келері белгісіз. Ал бұған келіп-кеткен Ресей маманы Валерий Карин өз елінде «Ростов» клубына бас бапкер болып бекітіліпті. Келісімшарт мерзімі – 2,5 жыл. Яғни «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов «Ростотвтың» “тізгінін ұстайды” деген алып қашпа сөздер де сап тиылатын болды. 

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика