Парсы елінде өткен «Төрт ұлт турнирі» халықаралық додасының соңғы күні Қазақстан құрамасы Әзірбейжан футзалшыларымен тең түсті. Ойын басында екі гол жіберіп алып, екінші таймда үш гол соққан болатын. Алайда соңғы минуттарда жаза басып, жеңісті есепті уыстарынан шығарып алды.
Бір қызығы, Әзірбайжн құрамасын қазір Бразилия маманы Алесио жаттықтырады. Ол – «Қайрат» футзал клубын ғана емес, Қазақстан ұлттық құрамасын да жаттықтырған маман. Тоқ етерін айтқанда, біздің құраманың осал тұстарын жақсы білетін болып шықты...
Какау бастаған Қазақстан құрамасы бұл ойында тең түскендерімен, доп айырмасы бойынша соңғы, яғни 4-орынды қанағат тұтуға мәжбүр болды. Бұл ретте, аталмыш халықаралық турнирде біздің құрама сапында жаңа ойыншылар көп болғандығын атап өтуіміз керек. Олар алдағы маңызды додаға дейін ысыла түседі деп сенеміз.
Иран – Әзірбайжан – 3:3
Қазақстан – Ресей – 3:3
* * *
Ресей – Әзірбайжан – 4:3
Қазақстан – Иран – 1:2
* * *
Иран – Ресей – 4:0
Қазақстан – Әзірбайжан – 3:3
Голдар: Вассура, 9 (0:1). Вассура, 11 (0:20). Таку, 25 (1:2). Лео, 32 (2:2). Таку 36 (3:2). Ванела, 39 (3:3).
Қазақстан: Игита, Шамро – Сүлейменов (к), Жаманқұлов, Есенаманов, Дуглас, Лео, Таку, Оразов, Тұрсағұлов, Төреғазин, Ақбалықов, Першин, Кнауб.
Әзірбайжан: Хусейнли, Курдов, Винела, Эду, Фарзалиев (к), Вассура, Габриэль, Хамзаев Атаев, Султанов, Човдаров, Болинья, Маммадов.
Төрешілер: Пурафшар, Закери (екеуі де – Иран)
6 желтоқсан 2017. Исфахан (Иран). «Нагш-е- Жахан».
Турнир кестесі:
Иран – 7 ұпай
Ресей – 4
Әзірбайжан – 2 (доп айырмасы: 9-10)
Қазақстан – 2 (7-8)