Әзірше, Қазақстан премьер-лигасындағы 12 клубтың екеуі ғана бас бапкерімен еңбек келісімі мерзімін ұзартқанын мәлімдеді. Қалғандары – тым-тырыс. Кейбір клубтардың бас бапкерлерлерінің өз елдеріне кетіп қалғандарын естідік. Бірақ әлі ешқандай да ресми мәлімет таратылған жоқ.
Ел чемпионы «Астана» да Станимир Стойловпен еңбек келісімін ұзартатыны жөнінде ресми түрде ешқандай мәлімдеме жариялаған жоқ. Бірінші лигадан келген командалар да – үн-түнсіз. Отандық мамандарға сенім арта ма, әлде шет елден "білікті" бапкер іздей ме? Белгісіз...
Қазақстан премьер-лигасындағы бас жаттықтырушылар тізімі: