Вернуться к списку статей

УЕФА кубогы – «Қайрат» Португалияның күміс жүлдегерін жеңді

Футбол
1K
«Қайрат» (Қазақстан) – «Брага/ААУМ» (Португалия) – 4:1. Фото: afckairat.kz
«Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогының соңғы електік додасындағы екінші ойынын өткізіп, Португалияның екінші командасынан 4:1 есебімен басым түсті.

УЕФА кубогының соңғы кезеңіндегі екінші турдың ойындары түгелдей аяқталды. «D» тобында «Қайрат» екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы Португалияның күміс жүлдегерін тізе бүктірді. Бір қызығы, соңғы голды тағ да қақпашымыз Игита соқты. Екі ойында – екі гол! Тіпті шабуылшылар қызығатын көрсеткіш.

Ең бастысы, «Қайрат» бұл ойында жеңіске жетті. Рас, «Интер» бұл команданы 7:0 есебімен күйрете жеңген. Алматы футзалшылары дәл солай ірі есепен үстемдік таныта алмады. Себебі, ойсырата жеңуді мақсат тұтпаған секілді. Белді ойыншыларына көп жүктеме түсірмей, керісінше, оларды тынықтырып алуды ойлағандай болып көрінді.

Бірінші таймда жоғары қарқында ойнағанымен, екіншісінде басқа тактика қолданды. Қорғанысқа да көңіл бөліп, құрамын жиі сапырылыстырып отырды. Бұл ертеңгі «Интермен» болатын ойынға дайындықтары да болар. Өз кезегінде, Испания клубы да Румыния чемпионын «әзер» ұтты – 2:1. Олар да ертеңгі ойынды ойлайды...  

УЕФА кубогы. Жартылай финалдық дода. «D» тобы

«Қайрат» (Қазақстан) – «Дева» (Румыния) – 5:2

«Интер» (Испания) – «Брага/ААУМ» (Португалия) – 7:0

***

«Интер» (Испания) – «Дева» (Румыния) – 2:1

«Қайрат» (Қазақстан) – «Брага/ААУМ» (Португалия) – 4:1

Голдар: Тайнан, 10:50. (1:0). Мариньо, 12:38-автогол (2:0). Тайнан, 19:04 (3:0). Руан, 28:14 (3:1). Игита, 36:15 (4:1).

«Қайрат»: Игита, Тайнан, Сүлейменов, Лео, Тайеби, Дуглас, Жаманқұлов, Есенаманов, Даниэль, Першин, Дрот, Эдуардо, Алешандре, Дуду.

«Брага/ААУМ»: Рибейро, Уэслер Руан, Тиаго Фернандес, Кассио, Роча Кардосо, Абреу, Машаду, Нилсон Мигел, Синтра, Лопес, Роса, Мариньо, Витор Уго.

Төрешілер: Черны (Чехия), Томич (Хорватия).

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 62 – 23
Тура соққы: 13 – 7
Қиыс кеткені: 21 – 6
Тойтарылғаны: 28 – 10
Қақпа бағанасы: 1 – 1
Ескерту (сары қағаз): 2 – 0
Ереже бұзу: 10 – 8

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика