Вернуться к списку статей

Саян Хамитжанов неліктен Рохер Каньясты "АПОЭЛ"-ге жібергенін айтты

Футбол
2K
Рохер Каньяс неліктен
«Астана» футбол клубының бас менеджері Саян Хамитжанов клубтың ресми сайтына сұхбат беріп, командадан кетіп жатқан және жаңадан қосылған ойыншылар туралы айттты.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» биыл үшінші жыл қатарынан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, екі жолдастық кездесуде де жеңіске жеткен. Алдымен Латвияның «Ригасын» тізерлетсе, екінші матчта Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы Оңтүстік Кореяның «Чонбук Хэнде» клубын ұтты. Клуб Рохер Каньясты Кипрдің «Апоэліне» жалға беріп, құрамына румын шабуылшысы Аздрен Лулаку мен беларус жартылай қорғаушысы Иван Маевскийді қосты. Сондай-ақ, қазақстандық сұрмерген Роман Муртазаев та осында. Маусымның екінші жартысында «Астанадан» кетіп қалған Евгений Постников те қайта келді. Жас шабуылшы Дидар Жалмұқан да елордалық болып тіркелмек.

– Беларусь легионері Иван Маевский өзін «Астана» сапында ойнауға лайық футболшы екенін бапкерлер құрамына дәлелдей білді. Бұл ойыншы жаттығу жиыны барысында өткізген кездесулерде өз жұмысына деген тиянақтылығы мен шеберлігін көрсетті. Сол себепті, Рохер Каньясты кипрлік АПОЭЛ ұжымына жалға береміз деген шешімді еш ауыртпалықсыз қабылдадық.  Ал шабуыл шебіне келген жаңа ойыншылар Дидар Жалмұқан, Роман Мұртазаев пен Аздрен Лулаку өздерінің мықты екендіктерін соңғы өткізген кездесулерде салған голдары арқылы дәлелдей алды. Олар командамызға өте жақсы бейімделіп кетті. Өткен маусымды жалда өткізген Евгений Постников сенімді ойын көрсетті. Жалпы алғанда, клубқа жаңадан келген ойыншыларға көңіліміз толады, - деді Саян Жақсыгелдіұлы. 

Дегенмен, алдағы уақытта «Астанада» тағы да өзгерістер болуы мүмкін. Джуниор Кабананга Африка кубогындағы ойындары арқылы еуропалық скауттарды қызықтырып үлгерді. Жазда батысты бетке алуы мүмкін. Неманья Максимович те жазғы трансферлік кезеңде «Валенсияға» ауысады деген дақпырт бар. Сондықтан, елордалықтарға құрамын қазірден бастап күшейту керек.

– Біз нарықты үнемі зерттеп отырамыз. Бапкерлер алқасымен ақылдасып, талдау жүргіземіз. Егер біздің команданың ойынын күшейтетіндей, талапқа сай келетін ойыншыларды көрсек, бірден келісімшарт жасауға тырысамыз. Бірақ, қаржылық себептерге байланысты тек еркін агенттерді ғана қатарға қоса аламыз. Дегенмен топырлаған селекция болмайды. Тек өзімізге қажетті позицияларға ғана ойыншылар аламыз. Командада әрбір шепте бәсекелестік жоғары. Сондықтан кейбір футболшыларды ойын тәжірибесі болу үшін жалға да беруіміз мүмкін, - деді Саян Хамитжанов. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика