Вернуться к списку статей

Тимур Қамашев Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарады

Футбол
1K
Тимур Қамашев – Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі басшысы. Фото: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің басшысы қызметіне жанкүйерлер мен футбол мамандарына жақсы таныс атақты спорт шолушысы Тимур Қамашев бекітілді.

Тимур Қамашев 1995 жылы Семейдің «Елім-ай» КФК баспасөз қызметін басқарып, Қазақстан Республикасында кәсіби клубтың пресс-офицері ретінде кең танылған алғашқы маман еді.

1998-2014 жылдар аралығында ҚФФ баспасөз қызметінде жетекші маман және басшы қызметінде жұмыс істеді. Әріптестерімен бірлесе отырып, ҚФФ веб-сайтын жүргізіп, ақпаратпен толықтырып отырған. Сонымен қатар, Қазақстан футбол тарихы мен статистика мәліметтерінің базасын жүйеге келтіріп, құрылымдады. Алғашқылардың бірі болып, Қазақстанның кәсіби футбол клубтарының құрылымында пресс-атташе қызметінің пайда болуына, команда веб-сайты мен клуб бейнесі бар заттарды жасауды ұсынып, басқа да ақпараттық жобаларды жүзеге асырды.

2001-2012 жылдар аралығында ҚФФ-дағы жұмысымен қатар «Хабар» Агенттігінде спорттық бағдарламалардың продюсері қызметін атқарды. Әріптестерімен бірге әртүрлі телеарналарға Қазақстанның футболы туралы 700-ге жуық тақырыптық бағдарламалар мен ток-шоулар жасап шығарды. Сонымен қатар, спорттық жарыстардан 5 мыңға жуық тікелей эфир әзірледі.

ҚФФ баспасөз қызметінің басшысы қызметіне қайта келмей тұрып жас ұрпаққа патриоттық тақырыптардағы фильмдер жасаумен айналысты. Тимур Қамашевтің «Неизвестный, которого знают все…» («Бәрі танитын белгісіз...») атты деректі жобасы халықаралық кинобайқауларда бірнеше рет жүлделі болды.

kff.kz

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика