Үздік қақпашыны анықтауда респонденттер Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының сауалнамасында үш ойыншыдан атау керек болыпты. Бірінші орынға 3 ұпай, екіншіге 2 ұпай және үшінші орынға 1 ұпайдан берілді.
Осылайша, елімізде 2017 жылдың ең үздік қақпашысы болып «Ертіс» футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының кипері Давид Лория атанды. Ол 44 ұпай жинап, осы бәйгедегі басты бәсекелесі «астаналық» Ненад Эричтен үш баллға озып кетті. Ал үздік үштікте 26 баллмен «тобылдық» Дмитро Непогодов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ұйымдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша, бұған дейін үздік ойыншы номинациясы «Қайраттың» экс-шабуылшысы Жерар Гоуға бұйырып, «Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов өткен маусымның ең үздік жаттықтырушысы атанған. Ал 2017 жылдың үздік жас ойыншысы және маусымның ашылуы номинацияларын «тараздық» 19 жасар талант Бахтияр Зайнутдинов иеленді.
2017 жылдың ең үздік қақпашысы
1. Давид Лория, «Ертіс» — 44 балл
2. Ненад Эрич, «Астана» — 41 балл
3. Дмитро Непогодов, «Тобыл» — 26 балл
4. Стас Покатилов, «Қайрат» — 25 балл
5. Александр Мокин, «Астана» — 15 балл