Вернуться к списку статей

Қазақстан Премьер-лигасында 2017 жылдың үздік футболшысы анықталды

Футбол
1K
Қазақстан Премьер-лигасында 2017 жылдың үздік футболшысы анықталды
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы өткен маусымның үздік ойыншысын анықтады. Клуб басшылары мен бас бапкерлер және команда капитандары арасында өткен сауалнаманың нәтижесінде 2017 жылдың үздік ойыншысы болып «Қайраттың» экс-шабуылшысы Жерар Гоу танылды.

Кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лигадағы барлық командалардың басшылары мен бас бапкерлерінен және команда капитандарынан өткен маусымның үздік ойыншысын, 1-ші, 2-ші, 3-ші орын деп атап өтуін сұраған. Бірінші орынды 41 баллмен «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Жерар Гоу жеңіп алды. Ол 29 балл жинаған басты бәсекелесі «астаналық» Патрик Твумасиден 12 ұпайға озып кеткен. Үшінші орында «Астананың» тағы бір ойыншысы – Дмитрий Шомко.

Бір қызығы, «Қайраттың» ресейлік легионері Андрей Аршавин небәрі үздік бестіктен орын алса, алматылықтардың капитаны Бауыржан Исламхан 9 баллмен үздік ондықтан әзер көрінген.

Жалпы, ТОП 10 футболшының барлығы «Астана» мен «Қайраттың» намысын қорғайды.

ТОП-10 футболшы

1. Жерар Гоу, «Қайрат» - 41 балл

2. Патрик Твумаси, «Астана» - 29 балл

3. Дмитрий Шомко, «Астана» - 25 балл

4. Джуниор Кабананга, «Астана» - 17 балл

5. Андрей Аршавин, «Қайрат» - 14 балл

6. Серікжан Мужиков, «Астана» - 13 балл

7. Юрий Логвиненко, «Астана» - 12 балл

8. Иван Маевский, «Астана» - 11 балл

9. Исаэль, «Қайрат» - 10 балл

10. Бауыржан Исламхан, «Қайрат» - 9 балл  




Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика