Вернуться к списку статей

Жастарымыз ұлттық құрамамен додаға түседі

Футбол
1K
Қазақстан жастар құрамасы. Фото: kff.kz
Еліміздің жастар арасындағы құрамасы 9 және 12 қараша күндері Қазақстан ұлттық құрамасымен екі рет кездеседі.

2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасында бақ сынап жүрген еліміздің жастар арасындағы құрамасы 7-12 қараша күндері Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл ақпаратты Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты таратты.

Владимир Никитенко бұл жолы қарамағына жаңа ойыншыларды шақырып, оларды іс жүзінде тексеріп көрмек екен. Енді осы оқу-жаттығу жиынына шақыртылған футболшылар тізіміне көз жүгіртіңіздер:

қақпашылар – Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Игорь Трофимец (Ақтөбе);

қорғаушылар – Ескендір Қыбырай,  Әлібек Қасым, Александр Стародубов (бәрі де – «Қайрат»), Руслан Әлімбаев, Кирилл Алексеев (екеуі де – «Шахтер»), Рауан Орынбасар («Жетісу»), Елжас Сарыбай («Байқоңыр»), Максим Чалкин («Каспий»);

жартылай қорғаушылар – Наурызбек Жагоров, Айболат Мақуов, Рафаиль Оспанов (бәрі де – «Атырау»), Рамазан Оразов, Ұлан Өтешев, Максим Котов (бәрі де – «Қайрат»), Сүлімжан Бакиев («Қызыл-Жар СК»), Артем Попов («Ертіс»);

шабуылшылар – Едіге Оралбай («Мақтаарал»), Темірлан Әміров («СДЮШОР №7»), Акмаль Бахтияров, Артем Шушеначев (екеуі де – «Қайрат»).

Қосалқы құрам: 

қорғаушылар – Мәди Айтөре, Артем Олейник (екеуі де – «Қайрат»), Айбол Жақаев («Қайсар»), Әділхан Таңжарықов («Жетісу»), Михаил Әубәкіров («Қызыл-Жар СК»), Арген Манекеев («Қыран»);

жартылай қорғаушылар – Ардақ Сәулет («Ақтөбе»), Әділет Әбденәби («Жетісу»), Максим Казанин («Шахтер»);

шабуылшылар – Аслан Әділ, Еркебұлан Мұсабеков (екеуі де – «Жетісу»), Арман Смайлов («Ертіс»), Бақдаулет Жүзбай («Қайрат»);

Бапкерлер құрамы:

Владимир Никитенко – аға жаттықтырушы,
Юрий Коньков – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылар бапкері,
Петр Пустовар – бапкер-кеңесші.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика