Вернуться к списку статей

«Қызыл-Жар» Премьер-лигаға дайын ба?

Футбол
1K
«Қызыл-Жар» Премьер-лигаға дайын ба?
Бір жыл Бірінші лигада доп тепкен «Жетісудың» Премьер-лигаға дайын екендігіне көз жеткіздік. Ал талдықорғандықтармен бірге жолдаманы жеңіп алған «Қызыл-Жар» жоғарғы дивизионға дайын ба? Күмәніміз бар...

Бірінші лига, 26-тур

(22.10.17)

«Жетісу» (Талдықорған) – «Қызыл-Жар СК» 2:0 (1:0)
Голдар: Хромцов, 29 (1:0). Балтабеков, 82 (2:0). 

«Екібастұз» – «Қайрат А» (Алматы) 0:0 (0:0)

«Каспий» (Маңғыстау) – «Байқоңыр» (Қызылорда) 2:2 (1:1)
Голдар: Жанысбаев, 3 (1:0). Балымбетов, 14-пен (1:1). Узденов, 49. Абзалов, 76 (2:2). 

«Шахтер-Болат» (Қарағанды) – «Мақтаарал» (Жетісай) 0:3 (0:1)
Голдар: Власичев, 25 (0:1). Алекперзаде, 67 (0:2). Шубаев, 78 (0:3). 

Бірінші лиганың аяқталуына бір тур қалды. Ал «Жетісу» үшін футбол маусымы аяқталып та қойды. Өз алаңында биылғы басты бәсекелесі «Қызыл-Жарды» қабылдаған Дмитрий Огай шәкірттері қонақтар қақпасына әр таймда бір-бір голдан соғып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матч жарты сағатына жете бергенде Олег Хромцов есеп ашса, кездесудің аяқталуына 10 минуттай қалғанда Асқат Балтабеков талдықорғандықтардың екінші голын соғып, «Жетісуға» жеңіс сыйлады.

Айтпақшы, ойынға 4 мың көрерменнің де жиналғанын айта кетуіміз керек. Келесі маусымда да «Жетісудың» ойындарында жанкүйерлер толып, талдықорғандықтар фанаттарын жеңістерімен қуантады деп сенеміз. Бірінші лигаға барып бір «демалып» қайтқан бұл аймақта футбол болуға міндетті.

Ал «Қызыл-Жар» ше? Иә, Владимир Фомичев шәкірттері де Премьер-лига жолдамасына қол жеткізді. Бірақ, төменгі дивизионның өзінде ала-құла ойнаған бұл команда келесі маусымда «Астана», «Қайрат», тіпті «Тобыл» сынды командаларға қауқар көрсете алар ма екен? Күдік көп...

Өзге ойындарға келер болсақ, өз алаңындағы соңғы кездесуін өткізген «Екібастұз» 800 көрермен жиналған ойында «Қайрат» футбол клубының академиясымен тең түсті. Есеп – 0:0. Ал Шымкентте Қызылорданың «Байқоңырын» қабылдаған Ақтаудың «Каспийі» 2:2 есебімен тең түсті. Ойын барысында екі рет есепте алға шыққанымен маңғыстаулықтар жеңісті есепті ұстап қала алмады.

Өз алаңында ойсырай ұтылған «Шахтер-Болат» қана. Теміртаудағы текетіресте Жетісайдың «Мақтааралынан» жауапсыз үш гол жіберіп алды.

Енді келесі апта соңғы тур. Қазанның 29-ы күні «Қызыл-Жар» «Екібастұзды» қабылдайды. Алматыда «Қайрат А» «Каспиймен» кездеседі. Қызылордада «Байқоңыр» биылдыққа соңғы рет «Шахтер-Болатпен» шайқасады. Ал Жетісайды Оңтүстік Қазақстан дербиін көреміз. Алаңға «Мақтаарал» мен «Қыран» шығады.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика