Вернуться к списку статей

“Еуро-2016” додасынан Францияға 1,2 миллиард еуро пайда түскен

Футбол
2K
2016 жылғы Еуропа чемпионаты Францияда өткен. Фото: soccers.fr
2016 жылғы Еуропа чемпионатынан Франция 1,2 миллиард еуродан артық пайда көрді, – деп жазады УЕФА-ның ресми сайты.

Лимож университетінің Спорт құқығы және экономикасы орталығы мен KENEO агенттігі бірлесе жүргізген зерттеулер барысында Еуропа чемпионаты кезінде Франция экономикасына 1,22 миллард еуро құйылған.

«Еуро-2016» финалдық додасына алғаш рет 24 құрама қатысып, Еуропа чемпионаты кезінде Франция қалаларында әрбір құраманың ойыншылары, бапкерлері, әр түрлі саладағы қызмет көрсетушілері, әр елдің ресми тұлғалары, сондай-ақ 613 мың көрермен мейман болған болатын.

Шетелдік қонақтар орта есеппен Францияда 7,9 күн болып, күнінен 154 еуро шығындаған. Жалпы, Еуропа чемпионатына келген меймандар осы елге барлығын қосқанда 625,8 миллион еуро ақшалай қалдырған.

Еуропа чемпионатына дайындалған кезде Франция экономикасынан 200 миллион еуро жұмсалған екен. Енді, міне бұл қаражат артығымен қайтып отыр. “EURO-2016 SAS” президенті Жак Ламбер кіріс шығыстан асып түскен.

«Дүбірлі додаларды өткізгенде өте қомақты ақша салу керек болуы тиіс. Бірақ түбінде ұйымдастырушы мемлекетке тікелей де, жанама да табыстар түседі. Бұл мұндай ірі шаралардан пайда түсетіндігін, әрі тиімді екендігін көрсетеді», – депті Ламбер мырза.

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика