ҚФФ ресми сайты Айсұлтан Назарбаевтың өз өтініші бойынша Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті міндетін атқарушы қызметінен босатылғандығын жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық қауымдастықтарымен байланыс жөніндегі вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалған болатын.