Вернуться к списку статей

Ганаға ғана гол соға алмаған Кабананга

Футбол
2K
Кабананга Африка кубогындағы төртінші матчта гол соға аламады. Фото: congo-autrement.com
Конго Демократиялық Республикасы құрамасы ХХХІ Африка ұлттары кубогының ширек финалында Гана футболшыларынан ұтылып қалды. Есеп – 1:2.

Бүгін Конго ДР құрамасы Африка кубогының ширек финалында Гана құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. «Астана» футбол клубының шабуылшысы Джуниор Кабананга Габон жерінде өтіп жатқан дүбірлі додада бірінші рет алаңнан гол соға алмай кетті.

Негізі, бірінші таймда Джуниор Кабананганың отандастары жақсы ойнады. Қарсыластарын қыспаққа алып, бірнеше рет қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ гол соғудың сәті түспеді.

Ал екінші таймда Гана құрамасы қарсы шабуылдарымен Конго ДР құрамасын қапы қалдырып отырды. Есеп 1:1 болып тұрғанда, Кабананганы Дэниел Амарти айып алаңының ішінде шалып жыққандай еді, бірақ төреші пенальти бермеді...

Сонымен Кабананганың Африка кубогындағы өте сәтті басталған өнері тәмамдалды. Конго ДР құрамасы жартылай финалға шыға алмады. Енді ол үйіне қайтады. Жақын арада "Астана" футбол клубының қатарына қосылып, келесі оқу-жаттығу жиынына қатысуы тиіс.

ХХХІ Африка ұлттары кубогы. Ширек финал

Буркина-Фасо – Тунис – 2:0

Камерун – Сенегал – 0:0 (пенальтиден – 5:4)

Гана – Конго ДР – 2:1

Египет – Марокко - 1:0

Жартылай финал

Буркина-Фасо – Египет – 01.02.17

Камерун – Гана – 02.02.17

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика