Вернуться к списку статей

Ұлттық құрама жеңіске жетпегелі – бір жыл төрт ай

Футбол
2K
Қазақстан – Армения – 1:1. Фото: kff.kz
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жеңіске жетпегеніне бір жыл төрт айдан асып кетті...

Ұлттық құрамамыз соңғы рет былтыр, яғни 2016 жылы 7 маусымда Қытай құрамасын 1:0 есебімен жеңген. Бірақ бұл жолдастық кездесу болатын. Оның да сыры мен жыры көп болған. Алайда содан бері жеңіс дегеннің не екенін ұмыттық. Ең жоғарғы нәтижеміз тең ойын болып тұр.

Жалпы, 2017 жыл Қазақстан құрамасы үшін өте сәтсіз өтті. Ұлттық құрамамыз биыл жеті ойын өткізіп, алтауында жеңілістің кермек дәмін татып, тек соңғысында Армения құрамасымен тең түсті. Доп айырмасы – 4:18. Екі рет үш, ал төрт мәрте екі доп айырмасымен ұтылды.

Енді бір көңіл аударарлық жәйт, биыл біздің құрама бір ғана жолдастық кездесу өткізді. Бұл ұлттық құрамамыздың дайындалуына жан-жақты жағдай жасалды дегенді білдірмейді. Жалпы, биылғы өткізген ойындарымыз:

Кипр – Қазақстан – 3:1 (жолдастық кездесу)

Армения – Қазақстан – 2:0 (ӘЧ-2018 іріктеу ойыны)

Қазақстан – Дания – 1:3 (ӘЧ-2018 іріктеу ойыны)

Қазақстан – Црна Гора – 0:3 (ӘЧ-2018 іріктеу ойыны)

Польша – Қазақстан – 3:0 (ӘЧ-2018 іріктеу ойыны)

Румыния – Қазақстан – 3:1 (ӘЧ-2018 іріктеу ойыны)

Қазақстан – Армения – 1:1 (ӘЧ-2018 іріктеу ойыны)

Автор: Нұрғазы Сасаев
Яндекс.Метрика