Вернуться к списку статей

Мхитарян бастаған Армения құрамасы жаттығуға кірісті

Футбол
1K
Армения құрамасы. Фото: ffa.am
8 қазан күні Астанада Қазақстан ұлттық құрамасымен кездесетін Армения футболшылары кеше дайындықтарын бастады.

Армения құрамасы да біздің футболшылар сияқты қазанның басында екі ойын өткізеді. 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында әуелі (5 қазан күні) Ереванда Польша футболшыларын қабылдайды. Ал үш күннен кейін Астанада Қазақстан құрамасымен додаға түседі.

Армения басылымдарына сенсек, Артур Петросянның шәкірттері жаттығу жиынын кеше бастаған. Екі ойынға 24 футболшы шақыртылыпты:

қақпашыларГригор Меликсетян («Гандзасар-Капан»), Арсен Бегларян («Алашкерт»), Гор Манукян («Пюник»);

қорғаушылар Гаэль Андонян («Марсель», Франция), Оганес Амбарцумян («Вардар», Македония), Тарон Восканян («Неа Саламина», Кипр), Вараздат Ароян («Урал», Ресей), Камо Оганесян («Торпедо-БелАЗ», Беларусь), Гагик Дагбашян («Алашкерт»), Артем Микаелян, Роберт Дарбинян (екеуі де – «Ширак»);

жартылай қорғаушылар Генрих Мхитарян («Манчестер Юнайтед», Англия), Давид Маноян («Неа Саламина», Кипр), Маркос Пиззелли («Аль-Шабаб», Сауд Арабиясы), Гор Малакян, Эдгар Малакян (екеуі де – «Сталь», Украина), Гегам Кадимян («Ворскла», Украина), Эдгар Манучарян («Урал», Ресей), Артак Едигарян, Артак Григорян, Артем Симонян (бәрі де – «Алашкерт»);

шабуылшылар Саркис Адамян («Ян Регенсбург», Германия), Тигран Барсегян («Вардар», Македония), Руслан Корян («СКА-Хабаровск», Ресей).

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика