Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер және нұсқаушылар департаментінің директоры Николай Левников ХХVІІІ турдағы матчтардың даулы немесе күмәнді сәттеріне тоқталып өтіп, саралап шығып, өз бағасын берді. Әрі «Ақжайық» – «Шахтер» арасындағы ойынға қазылық еткен бас төрешінің жұмысына айрықша тоқталып өтіп:
– Бұл ойында Игорь Алешин екі команданың да ойыншыларының ойланбай істеген қылықтарына қатысты дұрыс шешім қолданбай, біраз қателіктер жіберді. Нұсқаушының қойған бағасы төмендетіледі. Ал Алешиннің осы маусымды бірінші рет қателесіп отырмағандығы ескеріліп, ол маусым соңына дейін премьер-лига ойындарына төрелік етпейді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын ғана, мерзімінен бұрын өткізілген ХХХ турдағы «Ақтөбе» – «Тобыл» арасындағы кездесуде өрескел қателік жіберген Игорь Чесноков та маусым соңына дейін премьер-лига ойындарынан аластатылған болатын.