Вернуться к списку статей

«Ақтөбеге» жеңіс "сыйлаған" төреші футболдан шеттетілді

Футбол
1K
«Ақтөбе» қақпасына пенальти белгілемеген төреші футболдан шеттетілді
«Ақтөбе» – «Тобыл» кездесуінде бас төреші болған өскемендік қазы Игорь Чесноков ауыр жазаға ұшырады. Енді осы маусымда футбол жанкүйерлері оның ысқырығын естімейтін болады.

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілер және нұсқаушылар департаментінің директоры Николай Левников 30-турдың кейінге шегерілген ойындарында қызмет еткен төрешілердің жұмыстарына баға беріп, «Ақтөбе» – «Тобыл» кездесуінің бас арбитрі Игорь Чесноковтың төрелігіне көңілі толмағанын жеткізді.

– Ойынның 83-ші минутында төреші «Ақтөбе» қақпасына пенальти белгілемеді. Оның алдын бұл сәтте басқа ойыншылар жауып қалды да, қақпашының допқа ойнамай, шабуылшының аяғын шалып түсіргенін көрмей қалды. Арбитр тек шабуылшының «ұшып» бара жатқанын ғана байқады. Шынымен де бұл симуляцияға ұқсас жағдай болған еді. Бұл Чесноковтың осы маусымдағы бірінші қателігі емес. Сондықтан, ол енді биыл Қазақстан чемпионаты мен біріншіліктің ойындарына жіберілмейді, – деді Николай Левников.


Естеріңізге сала кетейік, «Ақтөбе» – «Тобыл» кездесуі 20 қыркүйекте өтіп, ойын 1:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталған. Матчтағы жалғыз голды 44-ші минутта «Ақтөбенің» америкалық легионері Джозеф Нейн соққан. Матчтың 83-ші минутында алаң иелерінің қақпашысы Самат Отарбаев "Тобыл" шабуылшысы Жасұлан Молдақараевты етпетінен сұлатқанымен бас төреші Игорь Чесноков пенальти белгілемей, керісінше симуляция жасадың деп Молдақараевқа қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика