Вернуться к списку статей

Румыния Қазақстан құрамасымен кездесетін құрамын жариялады

Футбол
1K
Румыния құрамасы жаттығу кезінде. Фото: frf.ro
Румыния футбол федерациясы алдағы екі ойынға дайындалатын ұлттық құрамасының тізімін жариялады.

Румыния және Қазақстан құрамалары 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы аясында, 5 қазан күні Плоешти қаласында кездеседі. Бұл ойын біздің уақытпен қазанның 6-сына ауған түні өтеді. Нақтырақ айтқанда, 00:45-та басталады.

Румыния құрамасының Қазақстан және Дания құрамаларымен өтетін ойындарына шақыртылған футболшылары:

қақпашылар – Богдан Лобанц («Рома», Италия), Чиприан Тэтэрушану («Нант», Франция), Костел Пантилимон («Депортиво», Испания), Силвиу Лунг («Кайсериспор», Түркия);

қорғаушылар – Влад Кирикеш («Наполи», Италия), Алин Тошка («Бетис», Испания), Драгош Григоре («Аль-Сайлия», Катар), Кристиан Сэпунару («Кайсериспор», Түркия), Пауль Папп («Карабюкспор», Түркия), Валерикэ Гэман («Карабюкспор», Түркия), Космин Моци («Лудогорец», Болгария), Ясмин Латовлевич («Галатасарай», Түркия);

жартылай қорғаушылар – Александру Максим («Майнц», Германия), Габриэль Торже («Карабюкспор», Түркия), Рэзван Марин («Стандард», Бельгия), Кристиан Тэнасе («Карабюкспор», Түркия), Александру Кипчу («Андерлехт», Бельгия), Адриан Стоян («Кротоне», Италия), Николае Станчу («Андерлехт», Бельгия), Эрик Бикфалви («Урал», Ресей);

шабуылшылар – Богдан Станку («Бурсаспор», Түркия), Флорин Андоне («Депортиво», Испания), Клаудиу Кешеру («Лудогорец», Болгария), Георге Грозав («Карабюкспор», Түркия).

Автор: Әлихан Жаппар
Яндекс.Метрика