Вернуться к списку статей

Қазақстанның қарсыласы жаттықтырушы таппай қиналып жүр

Футбол
1K
Қазақстанның қарсыласы жаттықтырушы таппай қиналып жүр
Румыния футбол федерациясы ұлттық құрамасының бас бапкері Кристоф Даумды қызметінен босатты. Ал оның орнына жаңа жаттықтырушы таппай жүр.

2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу додасының алдында Румыния ұлттық құрамасы бірінші себетте болған. Алайда, сегіз турдан кейін бар болғаны 9-ақ ұпай жинап, топ көшбасшысы Польшадан 10 ұпайға қалып қойды. Одан бөлек, Мундиальға баратын барлық мүмкіндіктен айрылды. Соңғы кездесулерінде түзде Црна Гора футболшыларынан жеңіліп қалды. Осыдан кейін Кристоф Даум Румыния футбол федерациясының президенті Рэзван Бурлянмен кездесіп, 63 жастағы маманның қызметінен кетуі жөнінде шешім қабылданды.

Дегенмен, алда әлі екі тур бар. 5 қазанда румындар өз жерінде Қазақстан құрамасын қабылдауы тиіс. Ал қазанның 8-інде Данияға қонаққа барады. Бірақ, Румыния футбол федерациясы команданы осы екі ойынға дайындайтын бас бапкер таппай жүр. Соңғы рет ел чемпионатында көш бастап келе жатқан «ЧФР Клуждың» бас бапкері Дан Петрескуға ұсыныс жасаған екен. Алайда, ол да жауапкершілігі мол қызметтен бас тартқан. Бұл туралы «ЧФР Клуждың» ресми сайты мәлімдеді:

– Румыния футбол федерациясына алғыс білдіреміз. Бірақ, Дан Петреску клубта үш ай бұрын бастаған жұмысын аяқтауы тиіс. Ол командада қалады, - деп жазды клуб сайты.

Румынияның ақпарат көздеріне сүйенсек, ұлттық құраманы кезінде «Милан» мен «Атлетико Мадридтің» қорғаушысы болған, бүгінде Бухарестің «Динамосын» баптайтын Космин Контра жаттықтыруы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Румыния осы іріктеу кезеңінде «Астана-Аренада» өткізген. Ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын. Ол кезде ұлттық құрамамызды отандық маман Талғат Байсуфинов жаттықтыратын. Содан бері бас командамыз барлық матчында жеңілістің кермек дәмін татып келеді. Алайда, қазіргі бас бапкеріміз ресейлік Александр Бородюк екенін де айта кеткеніміз жөн.

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика