Вернуться к списку статей

Қазақстанға Франция құрамасы келеді

Футбол
1K
Қазақстан жастары Франция құрамасымен бір топта
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында жастар арасындағы «Еуро-2019» іріктеу додасының жеребесі тартылып, қазақ жастарының қарсыластары анықталды.

Айта кетейік, жеребе тарту барысында Қазақстан жастары Беларусь, Кипр, Босния, Әзірбайжан сынды құрамалармен бірге бесінші себетке орналасқан болатын. Сондай-ақ, соңғы саяси төтенше жағдайларға байланысты УЕФА басшылығы жеребе тарту барысында Испания мен Гибралтарды бір топқа түспейтіндей етті. Бұдан бөлек Косово жастары да Босния немесе Сербия құрамаларымен кездесе алмайтындай қылды.

Ал жалпы 2019 жылы Италияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне берілер 11 жолдамаға 54 құрама таласпақ. Барлығы тоғыз топ. Топ жеңімпаздары бірден Апеннин түбегіне берілер тікелей жолдамаларға ие болса, өз топтарында екінші орын алғандардың ішіндегі үздік төртеуі қалған екі жолдаманы екі ойыннан тұратын електік ойындарда сарапқа салады.

Қазақстан жастары Франция, Словения, Қаратау, Болгария және Люксембург құрамаларына қарсы ойнайды. Іріктеу додасы осы жылдың наурыз айында басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жастар құрамасының бас бапкерлік қызметіне жақында ғана отандық маман Владимир Никитенко тағайындалған болатын.

Жастар арасындағы «Еуро-2019» іріктеу додасы

1-топ: Чехия, Хорватия, Грекия, Молдова, Беларусь, Сан-Марино

2-топ: Испания, Словакия, Исландия, Албания, Эстония, Солтүстік Ирландия

3-топ: Дания, Польша, Финляндия, Грузия, Литва, Фарер аралдары

4-топ: Англия, Нидерланд, Украина, Шотландия, Латвия, Андорра

5-топ: Германия, Израиль, Норвегия, Ирландия, Әзірбайжан, Косово

6-топ: Швеция, Бельгия, Түркия, Венгрия, Кипр, Мальта

7-топ: Сербия, Аустрия, Ресей, Македония, Армения, Гибралтар

8-топ: Португалия, Швейцария, Румыния, Уэльс, Босния және Герцеговина, Лихтенштейн

9-топ: Франция, Словения, Черногория, Болгария, Қазақстан, Люксембург

"Еуро-2019" іріктеу додасы. Қазақстан жастарының ойындар кестесі

28.03.2017. Люксембург — Қазақстан

13.06.2017. Черногория — Қазақстан

01.09.2017. Қазақстан - Черногория

05.09.2017. Франция — Қазақстан

06.10.2017. Болгария — Қазақстан

10.10.2017. Қазақстан — Болгария

23.03.2018. Қазақстан — Франция

27.03.2018. Қазақстан — Люксембург

07.09.2018. Қазақстан — Словения

11.09.2018. Словения - Қазақстан


Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика