Вернуться к списку статей

Президент кубогы – Қазақстан құрамалары финалға шыға алмады

Футбол
1K
Қазақстан – Грузия – 4:4. Фото: kff.kz
Жасөспрімдер арасындағы халықаралық «Президент кубогы» додасына екі құрама қойсақ та, финалға біреуі де шыға алмады.

Кеше үшінші турдың ойындары өтіп, бұған дейін екі рет ойсырай ұтылған Қазақстан-U17 – ІІ құрамасы жанкештілік танытып, Өзбекстан өрендерімен тең түсті. Ал бірінші құрамамыз Грузия таланттарын ұта алмай, ұпай бөлісті. Екі құраманың ұпайлары бірдей болғанымен, грузин жеткіншектері доп айырмасы жағынан асып түсіп, финалға шықты.

7 қыркүйек, 4-күн (Талғардағы ұлттық құраманың базасы):

«В» тобы:

Ресей – Тәжікстан – 2:0

Қазақстан-2 – Өзбекстан – 2:2

Голдар: Герасимов, 4 (1:0). Герасимов, 48 (2:0). Розиев, 58 (2:1). Розив, 80+2 (2:2).

Қазақстан-U17 – ІІ: Илья Губенко, Абдулла Шен, Абылайхан Майдан, Рахман Маруа (Данияр Айбекұлы, 41), Әкежан Төлеген (Талғат Талапұлы, 41), Улугбек Рүстембеков (Байжан Меделхан, 47; Федор Неумывакин, 66), Алтынбек Нағашыбаев, Ернар Қусақов (Мағжан Бауыржан, 78), Бекдаулет Жылқыайдар, Арсен Буранчиев, Матвей Герасимов (Абылайхан Жұмабек, 61).


«А» тобы:

Албания – Қырғызстан – 4:1

Қазақстан – Грузия – 4:4 (0:3)

Голдар: Давиташвили, 15 (0:1). Кварцхелия, 17 (0:2). Нұрсейіт, 30-автогол (0:3). Шәміл, 50 (1:3). Савченко, 57-пенальтиден (2:3). Давиташвили, 61 (2:4). Савченко, 70-пенальтиден (3:4). Швырев, 71 (4:4).

Алаңнан қуылды: Жақсылықов, 60.

Қазақстан-U17: Евгений Ситдиков, Дәурен Жүсіпов, Әділжан Дүйсенбаев (к), Жалғас Жақсылықов, Илья Демин, Асылбек Нұрсейіт, Хамит Шәміл (Әлішер Әжімов, 68), Дмитрий Савченко (Даниял Закария, 78), Шадман Бәкіров (Бекзат Иманғазиев, 27), Руслан Жарлыаев (Алияр Мұхамед, 50), Вячеслав Швырев.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика