Вернуться к списку статей

Шымкенттегі стадионның шамдары жанды жарқырап

Футбол
1K
Фото: kff.kz
Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның шамдары жанып, прожекторлары (жарықшамдары) жаңартылыпты.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Сертификаттау жөніндегі комиссиясы «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда ҚФФ және КФЛ ойындарын өткізуге болмайды» деп, тыйым салған шешімін өзгертті. Енді «Ордабасы» клубы өз алаңындағы ойындарын аталған стадионда өткізе алады.

Себеп, Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның шамдары жарқырап жаныпты. Мердігер ұжым жарықтандыру жұмыстарын толығымен аяқтаған. Жарықшамдардың жарық беру қабілеті бірнеше атқарымды (функциялы) көрінеді. Атап айтқанда, жаттығу жұмыстарына, ресми ойындарға және телетрнасляциялы ойындарға арналған.

Енді, 10 қыркүйек күні «Ордабасы» клубы «Таразды» Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда қабылдауы бек мүмкін. Аптап ыстықта қала сыртындағы «Намыс» стадионына жөңкілген Шымкент жанкүйерлері де ХХVІ турдан бастап футболды кешкі “cалқында” тамашалай алады.

Автор: Айқын Жаппар
Яндекс.Метрика