Қазақстан құрамасы Таиландтағы халықаралық турнирге биыл да қатысатын болды. Естеріңізде болса, былтыр осы турнирдің жеңімпазы атанған. Онда Иран, Жапония және Таиланд футзалшыларымен додаға түскен болатын.
Биыл тай еліндегі турнирге соңғы әлем чемпионы Аргентина құрамасы қатысады екен. Сонымен қатар, Африка чемпионатының қола жүлдегері Мозамбик құрамасы да келетін көрінеді. Бұларға Қазақстан және турнир қожайындары Таиланд футзалшылары қосылады.
Аталмыш турнир 9-12 қыркүйек күндері өтеді. Осыған орай, бүгін тай еліндегі турнирге қатысатын Қазақстан құрамасының сапы жарияланды. Өкінішке қарай, Шыңғыс Есенаманов пен Лео кішігірім жарақаттарына байланысты Таиландқа бара алмайтын болыпты.
Енді ұлттық құрама сапымен таныс болыңыздар:
қақпашылар – Игита («Қайрат»), Григорий Шамро («Ақтөбе»);
ойыншылар – Серік Жаманқұлов, Дінмұхамбет Сүлейменов, Дәурен Нұрғожин, Дуглас, Михаил Першин (бәрі де – «Қайрат»), Біржан Оразов, Арнольд Кнауб, Александр Довгань (бәрі де – «Жетысу»), Қайрат Иманалин, Павел Таку, Альберт Ақбалықов (бәрі де – «Ақтөбе»), Ерсұлтан Сағындықов, Антон Рындин (екеуі де – «Аят»).