Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалка 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтетін келесі кездесулеріне дайындалатын 22 футболшыны атады. Бұл тізімді Польша футбол одағының ресми сайты кеше кешкісін жариялады:
қақпашылар – Лукаш Фабиански (Суонси, Англия), Лукаш Скорупски (Рома, Италия), Войцех Щесны (Ювентус, Италия), Пшемыслав Тытонь (Депортиво, Испания);
қорғаушылар – Ян Беднарек (Саутгемптон, Англия), Бартош Берещински (Сампдория, Италия), Тиаго Ционек (Палермо, Италия), Камиль Глик (Монако, Франция), Марцин Каминьски (Штутгарт, Германия), Томаш Кенджера (Динамо, Украина), Лукаш Пищек (Боруссия Д, Германия);
жартылай қорғаушылар – Якуб Блащиковски (Боруссия Д, Германия), Ясек Горальски (Ягеллония), Камил Гросицки (Халл Сити, Англия), Карол Линетти (Сампдория, Италия), Мацей Рыбус (Локомотив, Ресей), Павел Вшолек (КПР, Англия), Петр Зьелински (Наполи, Италия);
шабуылшылар – Роберт Левандовски (Бавария, Германия), Аркадиуш Милик (Наполи, Италия), Лукаш Теодорчик (Андерлехт, Бельгия), Камил Вилцек (Брондбю, Дания).
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Польша – Қазақстан матчы қыркүйектің 4-інен 5-іне ауған түні Варшавадағы «Народовы» стадионында өтеді. Поляктар жаттығу жиынын 25 тамызда бастайды екен.