Вернуться к списку статей

Димитар Димитров жаңа командасында "Ертістегіден" аз жалақы алады

Футбол
1K
Димитар Димитров жаңа командасында
«Ертістің» экс-бас бапкері Димитар Димитраовтың жаңа клубымен келісімшартының қаржылық жағы белгілі болды. Болгарияның «Лудогорец» командасында жаттықтырушы «Ертістен» аз жалақы алады.

Болгарияның «Труд» басылымының жазуынша, Димитров өзінің болашақ клубымен келісімшарт жасасып қойыпты. Жалақысы «Ертіске» қарағанда 20 пайызға аз. Естеріңізге сала кетейік, бейресми ақпарат көздеріне сүйенсек, Павлодардың командасында ол айына 30 мың АҚШ долларынан алып отырған. Яғни, «Лудогорецте» «Ертістің» экс-бас бапкері 24 мың доллардан алады деген сөз. Дегенмен, еңбек келісімшарты бойынша, ел чемпионаты мен Болгария кубогында жеңіске жеткен жағдайда және Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында сәтті өнер көрсеткен жағдайда евромен алты цифрлік бонустар алатын көрінеді.

Айта кетейік, «Лудогорец» клубының басшылығы Димитар Димитровты командаға 14 тамыз, яғни дүйсенбі күні таныстырмақ. Ал жаңа командасының бас бапкері ретіндегі алғашқы ойынын 17 тамыз күні Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтыратын Литваның «Судува» командасына қарсы өткізеді. Алайда, Димитров «Лудогорецтің» бүгін «Верея» клубына қарсы шығатын ойыншыларын өзі анықтап, алаңда көргісі келетін ойыншыларын телефон арқылы болашақ көмекшілеріне жеткізген көрінеді. 

Автор: Әзиз Жұмаділ
Яндекс.Метрика