Вернуться к списку статей

FIFA рейтингісі: Бірде-бір ойын өткізбей, тағы да көтерілдік

Футбол
1K
Бүгін FIFA ұлттық құрамалардың рейтингісін түзді. Қазақстан өткен аймен салыстырғанда бір сатыға жоғарылады.

Шілде айында Қазақстан алты саты төмен сырғып, 308 ұпаймен 106-орынға табан тіреген болатын. Бұл жолы ешқандай кездесу өткізбей-ақ бір сатыға жоғарыладық. Бородюк жаттықтыратын құрама қазір 105-орында тұр.

Ал бірінші орынға Бразилия құрамасы көтерілді. «Пентекампеондар» маусым айында Конфедерация кубогын жеңіп алған Германияны басып озыпты.

Осы айда ең қатты өрлеген Намбия құрамасы болып тұр. Олар бірден 20 сатыға көтеріліп, 136-орынға жайғасқан.

FIFA рейтингі. Алғашқы ондық:

 1 (2). Бразилия – 1604 ұпай

2 (1). Германия – 1549 

3 (3). Аргентина – 1399 

4 (5). Швейцария – 1329 

5 (9). Польша – 1319 

6 (4). Португалия – 1267 

7 (7). Чили – 1250 

8 (8). Колумбия – 1208

 9 (10). Бельгия – 1194 

10 (9). Франция – 1157 

Әлем чемпионаты іріктеу турнирінің «Е» тобындағы құрамалар:

5 (6). Польша – 1319

42 (42). Румыния – 713

46 (47). Дания – 683

52 (54). Црна Гора – 643

72 (73). Армения – 480

...
105 (106). Қазақстан – 308

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика