Вернуться к списку статей

19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Словения және Польшамен кездеседі

Футбол
1K
Александр Кунзецов жаттықтыратын 19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 29 және 31 тамыз және 4 қыркүйекте күндері Еуропа екі құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді екен.

ҚФФ-ның ресми сайтының мәліметі бойынша, біздің жасөспірімдер 29 және тамызда Словениялық құрдастарымен, ал 4 қыркүйекте Польшамен жолығады екен. Айтпақшы, дәл осы күні ұлттық құрамада 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Варшавада Левандовски бастаған құрамасымен кездеседі.

Қазіргі уақытта аға жаттықтырушы Александр Кузнецов шәкірттері Талғарда ұлттық құраманың базасында осы ойындарға дайындалып жатыр.

Жаттықтықтырушылар құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Данил Устименко («Астана»), Владислав Сазонов («Иртыш»).

Қорғаушылар: Айбар Нұрдалиев («Қайрат»), Дінмұхаммед Қашкен («Астана»), Талғат Кусяпов («Астана»), Сағи Совет («Астана»), Ерасыл Аманжол («Атырау»), Санжар Батырханов («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай (Ордабасы»), Әліби Тұзақбаев («Рузаевка»).

Жартылай қорғаушылар: Денис Красноперов («Ертіс»), Дарын Сүйінов («Қайрат), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Жасұлан Қайыркенов («Астана»), Гаврил Кан («Тараз), Мұхит Жақсылық («Ордабасы»), Айдос Орал («Шахтер»), Жан-Әлі Пайруз («Шахтер»), Руслан Тұтқышев («Шахтер»), Максим Ваганов («Ордабасы»).

Шабуылшылар: Сұлтанбек Астанов («Қайрат»), Владислав Прокопенко («Астана»), Лев Скворцов («Астана»), Еркебұлан Сейдахмет («Тараз»).

Автор: Бек Төлеу
Яндекс.Метрика